10-13 қараша аралығында Мәскеу қаласындағы ВДНХ-да (Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі) 26-шы халықаралық «Металл-Экспо-2020» өнеркәсіптік көрмесі өтті.
Көрме жетекші металлургиялық компанияларды, құбырлық және металл бұйымдары зауыттарын, түсті металдар мен қорытпаларды өндірушілерді, металл трейдерлерін, сервистік металл орталықтарды, сондай-ақ металл өнімдерінің негізгі тұтынушыларын біріктірді.