АРБЗ компаниясы туралы ең бастысы

2013 жылы мемлекеттің жоғары сапалы рельстерге деген қажеттілігін жабуға тура келген рельс-арқалық зауытының іргетасы қаланды. Құрылыс шынымен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. АРБЗ құрылысына еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден мамандар жұмылдырылды.

2016 жылғы 06 маусымда «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – орташа пішінді илекті (қоставрлар, бұрыштықтар, швеллерлер, шахталық тіреулер) және жоғары сапалы дифференциалды беріктелген рельстерді шығаратын бірегей кәсіпорын іске қосылды.

Бүгінгі таңда «АРБЗ» – бұл стратегиялық маңызы бар өнімдерді – жоғары сапалы дифференциалды термоберіктелген және термоберіктелмеген рельстер және орташа пішінді илектің кең номенклатурасын өндіруге мамандандырылған ірі өнеркәсіптік кешен болып табылады.

АРБЗ-ның «визит карточкасы» ретінде ДТ350 санатты ұзын өлшемді рельстер болып табылады. Атап айтқанда, ДТ350 санатты Р65 типті дифференциалды термоберіктелген рельстері.

Кәсіпорынның стратегиялық мақсаты – шығарылатын өнімнің сапасы, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы металлургиялық кәсіпорындардың қызметін реттейтін талаптарды сақтай отырып, тұтынушылардың сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру үшін сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығару.

2016 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық теміржолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары барысында 400 мың тоннадан астам рельс өнімі пайдаланылды. Егер осыны километрмен өлшейтін болсақ, бұл шамамен үш мың километрді құрайды.

Рельсті түрлендіргіш

Валюта бағамы

Сату географиясы

Бүгінгі таңда АРБЗ компаниясының рельстік өнімдері теміржол әкімшіліктері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстарын салуда тиімді қолданылады. «АРБЗ» ЖШС өндірісінің рельстері Ресей, Украина, Эстония, Латвия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Түркіменстан, Ауғанстан және Түркияда қолданылады.

Егер осы жолды километрмен өлшейтін болсақ, бұл шамамен 1000 километрді құрайды.

Біздің серіктестеріміз